Қазгидромет: 9 наурызға арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: 9 наурызға арналған ауа райы болжамы

09.03.2014
Қазгидромет: 9 наурызға арналған ауа райы болжамы

9 наурыз күні Қазақстанның батыс бөлігі антициклонның ықпалында болады, кей жерлерге тұман түседі.

Республиканың қалған аймақтарында жел күшейіп, боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұрқасын соғады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын болуы мүмкін, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, жел 15-20 м/с екпінмен соғады. Маңғыстау облысының кейбір аймақтарында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу