Басты Жаңалықтар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген

Елімізде балаларды қолдау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде республика бойынша 6,2 миллион отбасы тіркелген. Оның шамамен 3 миллионы - балалы отбасы. Оларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында ел көлемінде 131 отбасыны қолдау орталығы жұмыс істеп тұр. Ал Қазақстан балалары тұжырымдамасы аясында бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Қауіпсіздікті күшейту үшін білім беру ұйымдарына жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары басталды. Сонымен қатар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қорғау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттерін ашу жоспарланған.

Балалардың тұрмыстық жарақаттарының алдын алу мақсатында «Балалар қауіпсіздігі терезесі» деп аталатын республикалық ақпараттық акция өтеді.  Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру аясында mGov платформасында «Баланың жолы» атты жаңа цифрлық жүйе іске қосылмақ.


Бөлісу