Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
Батыс Қазақстан облыстық коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесіп, жаңа Ата заң жобасының негізгі баптарын түсіндірді.
Шарада жаңа Конституция жобасының басым бөлігі азаматтарға бағытталғаны айтылды. Адам құқығына басымдық берілгенін әр баппен мысал келтіре, түсіндірді. Ал көпшілік еңбек қарым-қатынасы, жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісімшарт, ана мен бала құқығына қатысты сұрақ қойып, оған жауап алды. Облыстық коалиция мүшелері өңір аудандарын да аралап, түрлі әлеуметтік топтармен кездесіп жүр.
Айдарбек Айтпукешев, облыстық коалиция мүшесі:
Жаңа Конституция жобасы барлығына бірдей мүмкіндік береді. Бірінші кезекте, адам, адамның өмірі, денсаулығы, білім алуы, еңбек етуіне жағдай жасалады. Сондықтан да Конституция жобасындағы негізгі баптарға тоқталып, түсініктеме жүргіздік.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17