«Прайм Плаза» бүлікшілеріне үш жыл жаза берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Прайм Плаза» бүлікшілеріне үш жыл жаза берілуі мүмкін

05.03.2014
«Прайм Плаза» бүлікшілеріне үш жыл жаза берілуі мүмкін
«Прайм Плаза» сауда - ойын-сауық орталығындағы бүлік туралы іс бойынша тараптарды қатар тыңдау басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокурор жеті күдіктіні бұзақылық әрекеттерді жасауға кінәлі деп тануды және оларға жалпы режимдегі колонияда екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрайды.
 
«Прайм Плаза» мен бүлік кезінде зардап шеккен дәмхана өкілдері сотталушылардан келген шығынды өндіріп алуды талап етті. Сотталушылар болса, кінәларын мойындап, теріс қылықтарына өкініп, кешірім беруді өтінді.

Хабарламаларға жазылу