«Әбу-Даби Плаза» кешенінің қашан ашылатыны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әбу-Даби Плаза» кешенінің қашан ашылатыны белгілі болды

28.08.2019
«Әбу-Даби Плаза» кешенінің қашан ашылатыны белгілі болды

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Мадияр Меңілбеков БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. 

Кездесу барысында алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі сапарларға қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде Әбу-Дабиде қыркүйек айында өтетін Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізудің, сондай-ақ әріптестікті одан әрі арттыру жолдарын іздестірудің маңыздылығы аталып өтті. 

Елші қазақстандық тараптың инвестициялар саласында өзара қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екендігін қайта растады. Осы ретте Атырау облысындағы полиэтилен өндіру кешені жобасының қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әбу-Даби Плаза» кешенінің елорда күнін тойлау қарсаңында ресми ашылып, қолданысқа берілуі екі ел үшін ауқымды тарихи оқиғалардың бірі болатыны айтылды.

mfa.kz

Хабарламаларға жазылу