Жазушыларға қаламақы берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушыларға қаламақы берілуі мүмкін

25.08.2017

Елімізде келесі жылдан бастап жазушыларға мемлекет тарапынан қаламақы беріле бастауы мүмкін. Бүгін Ұлттық кітапханада осы мәселе жан-жақты талқылады.

Биыл «Мәдениет» туралы заңға өзгерістер енгізілгендіктен қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару мен тарату тетіктері де қарастырылды. Бүгін еліміздегі авторлардан бұрын жарық көрмеген шығармаларын және қандай туындыларын сатып алу қажеттігін анықтайтын сараптама комиссиясы құрылды.

Енді жазушылар мен ғалымдар, журналистер мен саясаткерлер ұсынылған әрбір шығарманы қарап, қорытынды шығарады. Сараптамадан өткендері  Үкімет жанындағы «Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия» қарауына жіберіледі.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу