Алматыда отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді

12.12.2014
Алматыда отандық көркем фильмдердің тегін көрсетілімі өтеді

Атап айтқанда, 13 желтоқсан күні сағат 11:00-де «Арман 3D» кинотеатрында және 15 желтоқсанда «Цезарь» кинотеатрында «Тығырықтан жол тапқан» (орысша) фильмі, ал 14 желтоқсанда «Райымбектегі кинозалда» «Елбасы жолы» (қазақша) көрсетілмек.

Сондай-ақ 16 желтоқсанда қала тұрғындары «Star Cinema» кинотеатрында (Mega) «Жаужүрек мың бала» (қазақша), «Райымбектегі кинозалда» - «Жерұйық» (орысша) туындыларын тегін тамашалайтын болады. Ал 17 желтоқсанда «Star Cinema Прайм Плаза 3D» кинотеатрында жұртшылық назарына қазақ тілінде «Біржан сал» туындысы ұсынылады, деп хабарлайды kinostan.kz.

Хабарламаларға жазылу