ММА. Ержан Естанов жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ММА. Ержан Естанов жартылай финалға шықты

03.03.2014
ММА. Ержан Естанов жартылай финалға шықты
Грозный қаласында өтіп жатқан Berkut Гран-при бәсекесінде аралас жекпе-жектен Alash Pride командасының файтері Ержан Естанов жартылай финалға шықты. Ол 1/4 айналымда Гусей Ризаевты мерзімінен бұрын жеңді. Естанов екінші раундта тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, қарсыласы жеңілгенін мойындады.
 
Alash Pride командасының капитаны Асулан Тоқтарбаев (61,2 келі)  Саид Нурмагомедовті жеңе алмады. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті дағыстандық спортшыға берді. 
 
Айта кетейік, Berkut Гран-приіне өзге де Alash Pride өкілдері қатысады. 9-шы  наурызда Ермек Тлауов (70,3 келі) Сайд-Хамзат Авхадовпен, ал Махир Мамедов (77,1 келі) Гусейн Омаровпен төбелеседі. 15-ші наурызда  Кылычбек Саркарбаев (93 келі) Алихан Вахаевпен, Әділ Боранбаев (84 келі) Муслим Джамулаевпен жекпе-жекке шығады.
 
1/8 финал 22-ші наурызда аяқталады. Аса ауыр салмақта қазақстандық команданың атынан Мурод Хантураев шығады. Оның қарсыласы - Асламбек Килаев.

Хабарламаларға жазылу