Йорданияда өтіп жатқан Азия біріншілігінде төрт боксшы финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Йорданияда өтіп жатқан Азия біріншілігінде төрт боксшы финалға шықты

10.11.2022

Йорданияда өтіп жатқан Азия біріншілігінде жартылай финалға шыққан тоғыз отандасымыздың төртеуі финалға шықты. Олар – Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Гүлсая Ержан.

Сонымен қатар Назым Қызайбай, Жазира Орақбаева, Мадина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева, Дариға Шәкімова қола жүлдеге қол жеткізді. Бүгін рингке ерлер құрамасы шығады. Жартылай финалға Қайрат Сәтжанов тәрбиелейтін жігіттердің біреуі ғана өткен жоқ.

Қалған боксшыларымыз финалға жолдама үшін жұдырықтасады. Ал су жаңа Азия чемпиондарының есімін 11-12 қараша күндері естиміз. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу