Геннадий Головкин 26 сәуірде жекпе-жекке шықпайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин 26 сәуірде жекпе-жекке шықпайтын болды

02.03.2014
Геннадий Головкин 26 сәуірде жекпе-жекке шықпайтын болды

WBA нұсқасы бойынша орта салмақта Әлем чемпионы Геннадий Головкин әкесінің қайтыс болуына байланысты 26 сәуірде Нью-Йоркте өтетін шаршы алаңдағы кездесуі болмайтынын мәлім етті. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Лёффлер хабарлады, деп жазады vringe.com.

«Бүгін біз Геннадийдің менеджерінен оның 26 сәуірдегі додаға қатыса алмайтындығын білдік. Өткен аптада Геннадийдің бапкері Абель Санчеспен бірге Қазақстанда, әкесінің жаназасында болып қайттық. Головкиннің отбасына бұл оқиға ауыр тиді және оған барша жауапкершілік жүктеліп отыр.

Еске алу салты шаралары 40 күн бойы жалғасады, сондай-ақ Геннадий жалғыз қалған анасының қамын ойлауы тиіс. Сондықтан да боксшы өзінің спорттық мансабын жалғастыратындығы жайында өзі айтпаса, мен оның қайтып оралуын сырттай талқылай алмаймын», -дейді Лёффлер,

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий биыл 1 ақпанда ганалық Осуману Адаманы айқын басымдылықпен жеңген болатын.

Хабарламаларға жазылу