Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты

09.11.2015
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Таиландтың Хуахин қаласында өтіп жатқан WTA Challenger «Hua Hin Championships» турнирінің 2-ші кезеңіне шықты. Жарыстың жүлде қоры – 115 мың АҚШ доллары.

Алғашқы ойында жерлесіміз турнир қожайыны Камонван Буаямды үш сетте – 6:2, 3:6, 6:1 есебімен ұтты.

Енді келесі кезеңде Я.Шведова қытайлық Чанг Лу мен таиландтық Ноппаван Летчивакан жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу