Shenzhen Open. Зарина Диас ширек финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Shenzhen Open. Зарина Диас ширек финалға шықты

06.01.2015
Shenzhen Open. Зарина Диас ширек финалға шықты

Теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан WTA  турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы 1/8 финалда Венгрия өкілі Тимеа Бабоштан 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

Жартылай финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші Қытай қызы Чжен Сайсаймен таласады. Бұл ойын 8 қаңтарда өтеді.

 

Фото: www.wtatennis.com

Хабарламаларға жазылу