«Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны көбейту керек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны көбейту керек»

27.02.2014
«Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны көбейту керек»
 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Тұрсынбек Өмірзақов «Таңшолпанда» қонақта болып, ана мен бала тақырыбы аясында әңгіме өрбітті.
 
Депутат бала туғанда бір рет берілетін жәрдемақының көлемін көтеру керек деген ұсынысын білдірген болатын.
 
«Жиырма жылдың ішінде біздің халқымыздың саны 4 пайызға ғана өскен. Ал осы уақыт аралығында көрші өзбек халқының саны 46 пайызға артқан. Қырғыздар 30 пайызға көбейген. Неге бізде де осындай көрсеткіш жоқ? Себебі, менің ойымша, бізде әйелдерге жеткілікті түрде қамқорлық жасалмауда, жәрдемақы жетіспейді. Мысалы, Украина бір балаға 3,5 мың доллар, екінші балаға 7 мың, үшінші балаға 14 мың доллар көлемінде жәрдемақы береді екен. Бұл жас анаға, жас отбасыға үлкен демеу. Бізде олай емес»,-дейді ол.
 
«Сосын тағы бір мәселе, әйелдер тіркеуге ерте тұрса, оған біз ақша төлеуге тиіспіз. Ресей, Беларусь елдерінде мұндайға көп ақша төлейді. Себебі, әйелдер ертерек тіркеуге тұрып, жиі қаралып тұрса, баланы өмірге әкелу қауіпсіз болады. Мен осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдадым. Үкімет «біз көбейтіп жатырмыз, әлі де көбейтеміз», дейді. Бірақ, бұл жай сөз. Үкімет мұндай көзқарастан арылмаса, халықтың саны көбеймейді. Мен бұл мәселені әлі де қозғаймын. Аяғына дейін апарамын»,-дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу