Оқушы қыз көпірден секіріп, мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушы қыз көпірден секіріп, мерт болды

26.02.2014
Оқушы қыз көпірден секіріп, мерт болды
 
Бүгін Алматыда 9-сыныпта оқитын қыз көпірден секіріп, мерт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
Қайғылы оқиға Алматыда тоғыздар шамасында болған. Қыз бала Райымбек даңғылынан төмен орналасқан Сейфуллин даңғылындағы көпірден секірген.

Оқиға орнында ІІД-нің жедел зерттеу тобы жұмыс істеуде. Қыздың не себепті мұндай әрекетке барғаны анықталуда.

Хабарламаларға жазылу