Болат Дүйсенов - азаматты ажалдан құтқарған полицей - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Дүйсенов - азаматты ажалдан құтқарған полицей

24.05.2016
Болат Дүйсенов - азаматты ажалдан құтқарған полицей
Ол Жайық өзеніне көпірден секіріп, ажал құша жаздаған азаматты құтқарып қалған.

Бейбіт күннің батыры атанған атыраулық полицей Болат Дүйсеновті жерлестері мақтан тұтады. Ол мұндай құрметке Жайық өзеніне көпірден секіріп, ажал құша жаздаған азаматты құтқарып қалғаны үшін ие болып отыр.

Осылайша, жанқиярлық әрекетке барған азамат жуырда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бүгінде подполковник шеніндегі тәртіп сақшысы жергілікті полиция қызметінде аға инспектор болып жемісті еңбек етіп жүр.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу