Қызылордада көпірден секірген оқушы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көпірден секірген оқушы құтқарылды

27.04.2022

Қызылордада Сырдарияның үстімен өтетін көпірден секірген оқушы қыз құтқарылды. Оқыс жағдай кеше кешкілік болған. Оқиға куәгерлері құтқарушылар келем дегенше шұғыл көмек көрсетіп, жасөспірімді судан алып шыққан. Өзен тартылып қалғандықтан, ол суға батпаған. Жоғары биіктіктен құлаған 14 жастағы қыз бала алған дене жарақатынан ес-түссіз ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда өміріне қауіп жоқ, дейді дәрігерлер. Ал полиция оқушының мұндай әрекетке баруының мән-жайын анықтауға кірісті.

Хабарламаларға жазылу