Селфи жасамақ болған жастар көпірден құлап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Селфи жасамақ болған жастар көпірден құлап кетті

28.08.2015
Селфи жасамақ болған жастар көпірден құлап кетті

Бұл туралы news.dey.az хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, жасөспірімдер көпірден құлап бара жатып, жоғары вольтты сымдарды іліп кеткен. Нәтижесінде 14 жасар қыз бала қатты күйік шалып және денесінің бірнеше жері сынған бойда ауруханаға жеткізілді. Ал, 17 жасар бозбаланың миы шайқалып, қарнына зақым келген. Медицина мамандары олардың жағдайы өте мүшкіл деп бағалап отыр.

25-тамыз күні Томскіде селфи жасамақ болған оқушы қыз 30 метрлік жардан құлаған. Он беске енді ғана келген  қыз оқиға болған жерде көз жұмды.
 

 

Хабарламаларға жазылу