Кіші Джордж Буш өз картиналарының көрмесін ұйымдастырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кіші Джордж Буш өз картиналарының көрмесін ұйымдастырмақ

26.02.2014
Кіші Джордж Буш өз картиналарының көрмесін ұйымдастырмақ
Соңғы жылдары көркемсурет өнерімен айналысып жүрген АҚШ-тың бұрынғы президенті кіші Джордж Буш картиналарының көрмесін өткізбек.
 Ол сәуір айының бас кезінде Далластағы кіші Буш атындағы президент орталығында ашылады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
 
Сейсенбі күні орталық өкілдерінің хабарлауынша, «Көшбасшылық ету өнері: президенттің жеке дипломатиясы» деген атпен өтетін көрмеде АҚШ-тың 43-ші президентінің 20 еңбегі таныстырылады. Бұрын бұл жұмыстар ешқашан көрмеге қойылмаған.
 
Сонымен бірге, келушілер назарына АҚШ-тың бұрынғы президентінің басқа әлемдік көшбасшылармен қарым-қатынастарынан хабардар ететін суреттер мен жеке естеліктер таныстырылады.
 
Айта кетер жайт, кіші Буш сурет өнеріне 2009 жылы президенттіктен кеткеннен кейін ден қойған.

Хабарламаларға жазылу