«Болашаққа» құжат қабылдау күні белгілі болды
Қазақстанда халықаралық «Болашақ» стипендиясын беру үшін өткізілетін конкурсқа қатысуға құжат қабылдау мерзімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілді.
Бұйрық бойынша, құжат қабылдау 2014 жылғы 3-наурыздан 30-мамырға дейін, 30-маусымнан 31-шілдеге дейін, 1-қыркүйектен 31-қазанға дейін жүргізіледі. Стипендия беру жөніндегі конкурс 2014-жылдың 1-мамырынан 2015-жылдың 31-қаңтарына дейін созылады.
Сонымен қатар, бұйрықта 2014-жылғы халықаралық «Болашақ» стипендиясының жеңімпаздарын тілдік курстар бойынша оқыту ұсынылатын алдыңғы қатарлы шетелдік ЖОО, шетелдік ұйымдардың тізімі де берілген.
Бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен, яғни 25-ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18