Ирландияда алғаш рет шошқа тұмауы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирландияда алғаш рет шошқа тұмауы тіркелді

21.02.2014
Ирландияда алғаш рет шошқа тұмауы тіркелді
 
Ирландияның Корк қаласында бір адамның шошқа тұмауына шалдығу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Росбалт.
 
Корк қаласының университетіндегі госпиталь қызметкерлері бір науқастың H1N1 тұмау вирусын жұқтырғаны расталғанын және тағы бірнеше адамнан осыған ұқсас белгілер байқалғанын хабарлады. Бүгінде аурухана бөлімдерінің біріне карантин енгізіліп, емханада адамдарды қабылдауға шектеу қойылды, деп жазады ИТАР-ТАСС.
 
Дәрігерлер күдікті белгілердің 7 науқастан анықталғанын айтады. Олардың барлығы бір бөлмеге орналастырылған. Жақын арада зертханадан олардың сараптама нәтижелері жеткізіледі.

А/H1N1 вирусы  2009 жылы наурыз айының соңында Мексика, АҚШ және Канадада анықталған. Сол жылдың сәуір айында ДДСҰ шошқа тұмауының індеті туралы хабарлап, тұрғындарға жаппай вакцинация жұмсауға шешім қабылдаған.
 
2010 жылдың тамызында пандемияның аяқталғаны жөнінде мәлім етілген. Індетке 168 елдің 220 мың тұрғыны шалдықты. ДДСҰ деректері бойынша, әлемде шошқа тұмауын жұқтырған 18,5 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Хабарламаларға жазылу