Ресейде шошқа тұмауы өршіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде шошқа тұмауы өршіді

20.12.2022

Ресейде шошқа тұмауы өршіді. "Әсіресе балалардың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары",- дейді мамандар. 

Индира Бегайдар, тілші:

Бірқатар өңірде мектептер мен ауруханаларда карантин енгізілді. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында медициналық, қоғамдық мекемелерде маска тағу міндетті. H1N1 вирусы немесе шошқа тұмауы деп аталатын инфекция өте қауіпті, тіпті аурудан қайтыс болған балалар бар. Әсіресе 5 жасқа дейінгілер жиі жұқтырады екен. Мамандар ауру қазір шарықтау шегіне жеткенін айтады.
Игорь Васильев, қала тұрғыны:

Бірнеше рет тұмау жұқтырдым. Соңғы уақытта аурудың жасырын түрі жиі кездеседі. Өйткені антиденелерге тест тапсырып, ағзамда індетке қарсы иммунитет қалыптасқанын анықтадым. Дегенмен шошқа тұмауы өте қауіпті. Өйткені өкпенің асқынуына алып келеді.

Жаңа жылдық мерекелерден соң инфекция күшейіп, науқастардың саны артуы мүмкін. Елде 1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Эпидемия ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде ғана аяқталады дейді дәрігерлер.

Хабарламаларға жазылу