Өзбекстандық көліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандық көліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынды

21.02.2014
Өзбекстандық көліктерді Қазақстанға әкелуге тыйым салынды

Олар Кедендік одақтың техникалық талаптарына сәйкес келмейді. «Бағасы қалта көтеретін «Daewoo Nexia» мен «Daewoo Matiz» автокөліктерін енді Қазақстанға әкелуге болмайды» деп хабарлайды «Колеса» порталы.

Себебі бұл көліктер Кедендік одақтың «Доңғалақты көліктердің қауіпсіздігі туралы» техникалық талаптарына сәйкес келмейді. Заңдағы өзгертулерге байланысты автокөлікте кем дегенде бір қорғаныс жастығы, ABS тежегіш жүйесі, балалардың орындықтарына арналған ISOFIX бекіткіштері мен иммобилайзер болуы тиіс. Ал өзбекстандық көліктерде мұндай жабдықтар жоқ.

«Біз қазіргі уақытта тек бұрыннан қалған көліктерді сатудамыз. Зауыт жаңа талапқа сай болуы үшін көліктерді қайта құрастырмайтын шығар. Сол себепті енді Қазақтан халқына Gentra сияқты жаңа автокөлік түрлерін ұсынамыз» -дейді Қазақстандағы Uz Daewoo кәсіпорнының өкілі.

Хабарламаларға жазылу