Математика саласында әйелдер неге аз?
Әлеуметтанушы, PHD докторы Жанна Кәрімова – «Таңшолпанда» қонақта.
Жанна Кәрімова математика саласында жүрген әйелдердің рөлі туралы зерттеу еңбек жазды. Оның мақсаты – Қазақстан және Франция математик әйелдерінің тәжірибелерін әлеуметтік тұрғыдан зерттеу.
Айтуынша, Францияда атақты математикалық жоғары мектептегі әйелдердің үлесі - 5 пайыз. Ал Қазақстанда математиктердің арнайы мектебі жоқ. Бірақ, Қазақ Ұлттық университетінің физика-математика факультетіндегі әйелдердің үлесі - 40 пайыз. Қазақстанда осы саладағы ғылыми атағы бар әйелдердің саны 30 пайызды құрайды. Францияда да дәл осы көрсеткіш.
Сондай-ақ, еліміздегі математик әйелдердің әлеуметтік портретін алатын болсақ, тұрмыс құрған, кем дегенде екі баласы бар және жұбайлары жоғары оқу орнында сабақ береді. Ал Францияда жүргізілген сауалнама бойынша, көбі ажырасқан немесе жалғызілікті. Олар – отбасын құру, дүниеге бала әкелу мансапқа кедергі келтіреді, деп санайды.
«Математика қиын сала болғандықтан, қыздар көбіне қорқады. Сондықтан, оларды жастайынан өзіне сенімді етіп тәрбиелеу керек. Ұл баланы жастайынан көшбасшылыққа тәрбиелейтіндектен, математика саласында ерлер көп», дейді әлеуметтанушы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Блогерлер өткізетін ұтыс ойындарын мемлекет бақылай ала ма?
27.10.2025, 20:32
Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
27.10.2025, 17:56
Әлем чемпионаты Таеквондодан ел қоржынына екінші қола жүлде түсті
27.10.2025, 17:00
Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
27.10.2025, 16:56
Брюссельдегі «Manneken pis» мүсініне қазақтың шапаны кигізілді
27.10.2025, 16:55
Астанада ақын Қадыр Мырза Әлінің мұрасы насихатталды
27.10.2025, 16:54
Қонаев қаласында 550 дрон мемлекеттік рәміздерді бейнеледі
27.10.2025, 16:53
Шымкент қаласының тұрғындары Республика күнін тойлады
27.10.2025, 16:52