Әкімдерге арналған роман жазылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдерге арналған роман жазылуда

18.02.2014
Әкімдерге арналған роман жазылуда
Ақын, сазгер, журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мырзахан Рахманбердіұлы «Таңшолпанда» қонақта.
 
Қаламгердің «Мәскеудегі қазақтар» атты шығармасы оқырман ықыласына бөленген туынды. Қазір  «Әкімдер» дейтін роман жазуды қолға алған. Ел басқарып жүрген азаматтарға арналған жаңа туынды оқырмандар назарына келесі жылы ұсынылмақ.
 
«17 жасымда аудандық газетке жұмысқа тұрдым. Содан кейінгі 18 жылым газетте өтіпті. Бұрын танымалдылыққа аса қызықпадым. Жас келген сайын жасаған дүниелеріңді халық көрсе екен, деген ой келе бастайды», дейді ол.
 
Ақын 1980 жылдардың соңында Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы елді мекендердің қазақша атауға ие болуына көп септігін тигізді.  
 
Сонымен қатар, Мырзахан Рахманбердіұлы 50-ден астам лирикалық ән мен романстың авторы.

Хабарламаларға жазылу