Халық медицинасы дұрыс па, бұрыс па? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық медицинасы дұрыс па, бұрыс па?

29.10.2014
Халық медицинасы дұрыс па, бұрыс па?

Қазақ халқы көшпенді өмір сүре жүріп, дала мен тау-тастағы  жануарлардың жеке жарақатынан және сырқатынан жазылуда қандай табиғаттық емдер алатынын байқады, көрді, білді және тәжірибе жасады да нәтижесіне  бағаларын берді.  Өздері мен болашақ ұрпақтарының саулығы үшін ұлттық шипагерліктің бай тәжірибесі жинақталды.

Халық емшілері адамның денсаулығының жақсаруына, сырқатын емдеуге арналған әр түрлі емдік шипалық әдіс-тәсілдердің пайдасынан басқа, ешқандай зияны  жоқтығын айтады.

Ал, осы халықтық ем қаншалықты дұрыс? Қойдың майын ішіп, борсықтың майын жағатын қазақылық, дәстүрлі емес медицинаның қайсысы  дұрыс, қайсысы бұрыс?  Бұл туралы «Әйел бақыты» ток-шоуының кешегі өткен санынан біліңіз. Мұрағат: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/archive/programs_social/aielbakyty

Хабарламаларға жазылу