Хадиша Сейітова: Бір күнде 5-6 тойға дейін шақырту түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хадиша Сейітова: Бір күнде 5-6 тойға дейін шақырту түседі

10.11.2015
Хадиша Сейітова: Бір күнде 5-6 тойға дейін шақырту түседі

«Әнші заманынан қалмауы тиіс. Сонда ғана халықтан сұраныс болады.

Қазіргі уақытта жаңа әндер жазылуда. Ақын Ботагөз Бексары және жас композитор Марлен Аралбаймен бірігіп жұмыс істеудемін. Ойда жүрген, атқарылар біраз істер бар. Тойға да жиі шығамын. Бір күнде 5-6 тойға дейін шақырту түседі», дейді әнші.

Шығармашылық жоспарымен бөліскен өнер иесі алдағы уақытта гастрөлдік сапармен батыс өңірін аралайтынын жеткізді. Сондай-ақ, әнсапармен Қызылорда, Тараз қалаларына бармақ.

Әншінің орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз. 

Хабарламаларға жазылу