«Classic» радиосы Астана қаласынан 102.7 әуетолқынында хабар таратады
«Classic» радиосынан әр түрлі бағыттағы классикалық музыканы тыңдауға болады.
2012 жылдан бастап радиостанция өз тыңдармандарына музыкалық-білім беру бағытында жаңа бағдарламалар ұсына бастады.
Бүгінде 102.7 әуе толқынында 9 жоба жарыққа шықты: «Киноблюз», «ДжазТайм», «Диалог», «Опера әлемінің інжу-маржандары», «Музыкалық күнделік», «Музыкалық Одиссея», «Грани», «Рецензия», «Классикомания».
Былтыр қараша айында «Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы «AIBs Inspiring Creativity Awards» Халықаралық Телерадио хабарларын тарату Ассоциациясы ұйымдастырған байқауда «Үздік шығармашылық радиобағдарлама» аталымы бойынша арнайы сыйлыққа ие болды.
«Classic» радиостанциясы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының бірлескен жобасы. Жобаның идеялық авторы - Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірова.
«Classic» радиосы – Алматы қаласынан алғаш рет 2011 жылдың 6 маусымынан бастап хабар тарата бастаған тұңғыш классикалық музыка радиостанциясы. Радиостанцияның негізгі бағыты - түрлі жанрлар мен ұлттық мектептердің академиялық музыкасын тарату. Алматы қаласындағы FM-жиілігі – 102.8.
«Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан», «KAZsport», Қазақ радиосы, «Шалқар» Ұлттық арнасы, «Астана» және «Classic» радиолары кіреді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08