Жазушының статусын көтеру керек
|
Жазушы Эрнест Төрехановтың жақында «Мәңгіліктен бір үзік» атты шығармасы шыққан еді. «Қазір «Егіздер» деген шартты аты бар роман жазып жатырмын. Осыны арқау ете отырып, қазіргі қоғамның бейнесін жасағым келеді»,-дейді жазушы.
Қазір ғаламтор, техникалық мүмкіндіктердің салтанат құрған заманында халықтың том-том романдарды оқуы қиындау. Бұл турасында жазушы: «Кітап өтпейді деген ұғымнан қоғамды арылтуымыз керек. Бұл – үлкен шаруа»,-дегенді айтады.
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып жатқан ол: «Бәріміз пендеміз ғой, еңбегінің бағаланып жатқаны кімге де болсын жақсы. Шындығы сол»,-дейді.
«Негізі өзімді жарнамалауға онша жоқпын. Танымал жазушымын дей алмаймын. Себебі, қайда барсам да, кім екенімді ұзақ түсіндіруге тура келеді. Мұның негізгі кілті – кітаптың кітапханада жоқтығы. Сосын кітапханашылар дүкенге қандай кітап түсті, ол не туралы, соны жарнамалап отырмайды. Сосын халық та ол жазушыдан бейхабар. Сондықтан, жазушының статусын көтеру керек»,-дейді қаламгер.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00