Депозитті теңгемен сақтаңыздар – Қ.Келімбетов
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов қазақстандықтарға банк жинақтарын отандық валютада сақтауға кеңес берді, деп хабарлайды inform.kz.
«Депозиттеріңізді алып, долларға ауыстыруға асықпаңыздар. Депозиттерді банктерден теңгемен алсаңыздар, халық кірістілігін жоғалтады. Банктер депозиттер бойынша 10 пайыз тиімді мөлшерлемелер ұсынады. Ақшаны банкте сақтау керек. Кез келген отбасы үшін ең қауіпсізі сол», - деді Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Ұлттық банк басшысы орташа мерзімдік перспективада валюта айырбастау бағамының жаңа деңгейі 2-3 теңге диапазон ауытқумен бір долларға 185 теңге деңгейінде қалатынын айтып, сендірді.
Сонымен қатар, ол таяу арада валюта айырбастау пункттеріндегі, дүкендердегі, мұнай өнімдері нарықтарында жағдай тұрақталатынын, сонда «Ұлттық банк пен Үкіметтің экономикалық саясатында дұрыс қадам екені» түсінікті болатынын атап өтті.
Ұлттық валютаны әлсірету нәтижесінде Қайрат Келімбетов атап өткендей «көптеген жұмыс орындары құрылады, сондай-ақ салық түсімдерінің артуы күтілуде, соның арқасында Үкімет және Парламент әлеуметтік бағдарламалар жүргізуге көбірек мүмкіндікке ие болады».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
11 500 оқушы бір мезетте күй тартып, рекорд орнатты
17.03.2026, 20:58
Президенттен сыйақы алған оқушы үздік университетке түсті
17.03.2026, 20:55
Америкалықтар асырап алған қазақ баласы елге оралды
17.03.2026, 20:53
Көкпардан Әлем чемпионаты басталды
17.03.2026, 20:52
Ақтөбеде «Шаңырақ» күнінде босанған аналарға бесік сыйлады
17.03.2026, 20:38
21 мыңнан аса азамат әскер қатарын толықтырмақ
17.03.2026, 20:13
Теңге нығая түсті
17.03.2026, 20:13
Су тасқынына дайындық жұмыстары басталды
17.03.2026, 20:12