Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаулы қабылдады
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қаулы қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қаулыға сәйкес, уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін - 2 теңге; еуро үшін - 3 теңге болып белгіленді.
Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері 2014 жылғы 11 ақпаннан бастап қоса алғанда 2014 жылғы 31 желтоқсан аралығында белгіленеді.
Ал осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында Наурыз кең көлемде аталып өтті
22.03.2026, 11:23
Алматы облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта тойланды
22.03.2026, 10:15
Шымкентте Наурыз мерекесі жаңа форматта ұйымдастырылды
22.03.2026, 09:10
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08