«Бейбарыс Сұлтан түрікше, оның ішінде қыпшақ тілінде сөйлеген» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейбарыс Сұлтан түрікше, оның ішінде қыпшақ тілінде сөйлеген»

12.02.2014
«Бейбарыс Сұлтан түрікше, оның ішінде қыпшақ тілінде сөйлеген»
Қазақ тарихын зерттеп жүрген, Бейбарыс Сұлтанның өмірі туралы және «Ер қаруы – бес қару» тақырыбына қатысты мәліметтерді жинаған зерттеуші Қайрат Сәки «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
«Қазақтың түсінігіндегі бес қару қатарына – садақ, найза, қылыш, айбалта және шоқпар кірген. Осы арада Араб жеріне қазақтың қаруы қайдан барды деген сұрақ туады. Араб халифаты құрылған шақта араб халифалары өзінің ұлтына, қарамағындағы халыққа сенбей, түркілердің, оның ішінде қыпшақтардың жас балаларын әкеліп, жеке гвардия құрған. Соларға арқа сүйейтін болған. Ал олар бірте-бірте саяси билікті өздерінің қолына алған. Осылайша, Бейбарыс Сұлтан да ел билеушісі атанған»,-дейді зерттеуші.
 
«Каирдегі Бейбарыс Сұлтан салдырған мешітте, Дамаск қаласында Сұлтан жерленген зираттағы тақтайшаларда «Байбарыс» деп жазылған. Араб тілінің өзінің ерекшеліктері бар. Онда дауысты дыбыстар белгіленбейді. Бірақ, ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, әрі сол кезде араб есімдерінде «бай» сөзі сөздің басында келетіндіктен, Бейбарысты Байбарыс деп айтуға толық негіз бар. Арабтар «Бейбарыс Сұлтан түрікше, оның ішінде қыпшақ тілінде сөйледі» деп айтады. Бұл - түрік тілі мен қыпшақ тілінің арасында бір айырмашылық болғанын көрсетеді»,-дейді Қайрат Сәки.

Хабарламаларға жазылу