Аtyraý телеарнасы Сұлтан Бейбарыс мұрасына қатысты телеэкспедиция ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аtyraý телеарнасы Сұлтан Бейбарыс мұрасына қатысты телеэкспедиция ұйымдастырды

11.04.2021

Мәмлүктер атауын советтік Қазақстанда естідік: 1989 жылы режиссер Болат Мансуровтың «Сұлтан Бейбарыс» фильмі шыққан. Тегі қыпшақ, құлдықтың қамытын киген бала Бейбарыс, кейін мыңның арасынан суырып шыққан Сұлтан Бейбарысты көрдік.

Иә, мәңгілік дерлік пирамида орналасқан Мысыр тарихында қыпшақ-мәмлүктердің мәртебесі биік.

«Қазақстан» корпорациясының құрамындағы Аtyraý телеарнасы Египетке телеэкспедиция ұйымдастырыпты. Сұлтан Бейбарыстың Каирдағы тозып кеткен мешітін реконструкциялау аяқталады, деп келді, әріптесіміз Айнагүл Қалбаева. Атыраулық тілші Бейбарыстың есіміне байланысты бірнеше нұсқаның «Байбарыс» деген нұсқасын таңдаған.


Хабарламаларға жазылу