«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» қаражатын теңгемен сақтағандардың жағдайы қалай болмақ?
Үкімет девальвацияға байланысты «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына өзгеріс енгізуі мүмкін
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
«Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының өзгеруі себебіне байланысты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» теңгелік жүйеде қаражатын сақтаған салымшылардың жағдайы қандай болмақ және нарықта «Қолжетімді баспана» арқылы алған пәтерлердің құны өзгеріске ұшырай ма?» деген сауалға Е. Досаев пәтер бағасына қарай өзгерістер болуы мүмкін екенін жеткізді. «Бірақ, баспана бағасы көп өзгермейді деп пайымдап отырмыз. Өйткені, осы жылы өткен жылдармен салыстырғанда инфляцияға қарап, бағаның көп өспегенін байқап отырмыз. Себебі, бүгінде салынып жатқан баспана құрылысындағы жағдай 5-6 жыл бұрынғыдай емес. Қазіргі кезде сатылып жатқан көп пәтер жоқ. Соған қарағанда көп өзгерістер болмайды»,-деді министр.
Осы орайда ол осыған дейін де баспана құны тұрғысында нарықтағы баға АҚШ долларына ауыстырып бағамдалғанын айта келе, елеулі өзгерістер болмайтынын сөз етті. Сонымен қатар министр «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы ары қарай жүзеге асырылатыны. Бұл бағытта барлық үрдістер тыңғылықты бақыланып, қажет болған жағдайда Үкімет тиісті шараларды қабылдайды», деді Е. Досаев.
Теңге бағамының өзгеруіне байланысты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» теңгелік жүйеде сақталған жинақ бойынша түбегейлі өзгерістер әзірге жоқ екенін атап өтті. «Алайда біз «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өзіміздің қадамдарымызды жақын арада айқындаймыз»,-деп түйіндеді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратты
18.03.2026, 20:54
«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
18.03.2026, 20:51
Көкпардан Ұлттық құрама Қытайдан басым түсті
18.03.2026, 20:49
Әлем жаңалықтарына шолу
18.03.2026, 20:17
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
18.03.2026, 20:15
Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
18.03.2026, 20:13