Теңгенің девальвациясы отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды - Ұлттық банк - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгенің девальвациясы отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды - Ұлттық банк

11.02.2014
Теңгенің девальвациясы отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды - Ұлттық банк
  2014 жылы 11 ақпаннан бастап,  ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
 
«Ұлттық банк теңге курсының жаңа бағамы 185 АҚШ доллары төңірегінде болады деп есептейді. Айырбас бағамының күрт жоғарылауын деңгейлестіру саясаты әрі қарай жүргізіледі. Теңге курсының ұзақмерзімдік тренді, Ұлттық банк бұған дейін хабарлағандай, фундаменталды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларға қатысты болады», - делінген хабарламада.
 
Сонымен қатар, 2014 жылдың 11 ақпанынан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі айырбас пункттеріндегі шетел валютасын теңгеге сату-сатып алу бойынша  АҚШ долларына - 2 теңге, Еуроға - 3 теңге дәлізі қарастырылған.
 
«Айырбастау пунктері шетел валюталарына банктер тарапынан да, Ұлттық банк тарапынан да жеткілікті деңгейде қамтамасыз етіледі. Өңірлерде орналасқан екінші деңгейлі банк филиалдарында шетел валюталарының жеткілікті қоры сақталған», делінеді хабарламада.
 
Ұлттық банктің хабарлауынша, теңгенің девальвациясы ұлттық валютаның сыртқы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға, ҚР экономикасының сыртқы тауарайналым тепе-теңдігін сақтауға және отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін жасалды.  

Хабарламаларға жазылу