Ақуыздар мен майлар көңіл күйін көтереді. Британдық мамандардың айтуына қарағанда, адамның көңіл күйі тамақтануға тікелей байланысты болып келеді екен.
Зерттеу барысында олар көңіл күйді көтеретін, сондай-ақ күйзелісті жеңілдететін тағам түрлерін анықтады. Ғалымдар анықтағандай, күйзеліс пен өмірге деген құлшыныстың төмендеуі аминқышқылдарының азаюына тікелей байланысты.
Ал бұндай жағдаймен күресуге ақуызға бай тағамдар: ет, балық, жаңғақтар мен қырыққабат көмектеседі. Көңіл күйді көтеруге септігін тигізетін тағы бір элемент ол - В дәрумендер тобы. Бұл дәрумендер көбінесе бананда, авокадо мен дәнді дақылдарда кездесетін көрінеді, деп жазады rosbalt.ru.