Суда жүзу көңіл күйді көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суда жүзу көңіл күйді көтереді

16.07.2014
Суда жүзу көңіл күйді көтереді

Суда жүзу көңіл күйді көтеріп, ұйқыны жақсартады. Сонымен қатар, бассейнге жиі бару денсаулықты нығайтып қана қоймай, адамды бақытты қылады.

Миннесота Университеті ғалымдарының төрт апталық зерттеуі нәтижесінде суда жүзу адамдардың көңіл күйі 35 пайызға артатындығы анықталған. Сондай-ақ, ұйқысы жақсарып, күш-қуаты артады. Зерттеу кезінде қатысушы адамдардың көңіл күйі 20 пайызға жақсарғаны байқалған.

Мамандардың айтуынша, жас кездегі кез келген аэробикалық жаттығулар - суда жүзу, жүгіру, велосипед тебу миды қартаюдан сақтайды. Сонымен бірге, ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін де жақсартады.

Хабарламаларға жазылу