Дихан Қамзабекұлы: Ғылымды жаңа бағытта дамыту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дихан Қамзабекұлы: Ғылымды жаңа бағытта дамыту керек

13.04.2024

Еуразия Ұлттық университетінде Қаныш Сәтбаевтың құрметіне барельеф орнатылды. Мұнан соң, халықаралық конференция өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық ғылым академиясының өкілдері және жас ғалымдар қатысты. Жиында ғылымды дамыту туралы ұсыныстар айтылды. Конференцияда Мемлекет басшысның қатысушыларға арналған құттықтау хаты оқылды.

Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы:

Президент қадау-қадау ойлар айтты. Оның біріншісі біз ғылымды жаңа арнада жаңа әлеуетпен құра білуіміз керек. Екінші, елімізге қажетті мамандарды әлемдік ғылыми мамандармен ықпалдастыру және сол арқылы еліміздің ғылыми әлеуетін көтеру. Үшінші, жалпы ғылымның негізгі әлеуетті бағытын көтерудің гранттар арқылы басқа да қаржы көздері арқылы жаңа деңгейге шығару.


Хабарламаларға жазылу