Адамның көңіл-күйі неліктен жылаған соң көтеріледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамның көңіл-күйі неліктен жылаған соң көтеріледі?

10.10.2015
Адамның көңіл-күйі неліктен жылаған соң көтеріледі?

Адамның көңіл-күйі жылаған соң көтеріледі. Себебі көз жасы окситоцин гормонын бөлуге септігін тигізеді.

Тилбург университетінің қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижесі көз жасы көңіл-күйді көтеретінін көрсеткен.

Тәжірибеге 60 адам қатысқан. Еріктілердің бәрі екі мұңды фильм тамашалаған. Ғалымдарды қатысушылардың зерттеуге дейін және кейін өздерін қалай сезінетіні қызықтырған.

«Хатико: Ең адал дос» фильмінің көрсетілімі кезінде қатысушылардың 60 пайызы, ал  «Ғажап өмір» фильмін көргендердің 45 пайызы жылаған.

Сарапшылардың пікірінше, ерлерге қарағанда әйелдер эмоцияға көп берілген. Фильм көрсетілімі кезінде жыламаған қатысушылар тәжірибеге дейін және кейін көңіл-күйі өзгермегенін айтқан.

Ал, эмоцияға берілгендердің кинодан кейін көңіл-күйі түсіп кеткен. Алайда 20 минуттан соң қалпына келіп, бір сағаттан кейін өздерін жақсы сезінетінін айтқан.

Зерттеушілердің пікірінше, жылаған кезінде  окситоцин гормоны бөлінетіндіктен,  көңіл-күй көтеріледі.

Бірақ ғалымдар қатысушыларға өздерін жақсы сезінетін сияқты көрінуі мүмкін дейді.

 

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді

Хабарламаларға жазылу