Баку маңындағы «Сангачал» мұнай-газ терминалындағы апат салдарынан Әзірбайжан Түркияға газ жіберуді тоқтатты.Әзірбайжанның көгілдір отыны Түркияға Оңтүстік Кавказ газ құбыры (Баку-Тбилиси-Эрзурум) арқылы Каспийдегі «Шахдениз» газконденсат кен орнынан тасымалданады.
Келісімшартқа сәйкес, кен өндірудің бірінші кезеңі аясында Түркияға 6,6 миллиард текше метр, ал екінші кезеңде тағы 6 миллиард текше метр газ тасымалданады.