Еуропаға газ тасымалы үш күнге тоқтамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаға газ тасымалы үш күнге тоқтамақ

22.08.2022

Еуропада табиғи газ бағасы шарықтап кетті. Бұған ресейлік "Газпром"-ның көгілдір отын тасымалын үш күнге толықтай тоқтату туралы шешімі себеп.

Компания тамыздың 31-і мен қыркүйектің 2-не дейін "Солтүстік ағын -1" құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады. Бұл жаңалықтан кейін Еуропа елдерінде бір мың текшеметр табиғи газдың бағасы 2 мың 700 долларға жетті. Сарапшылардың болжамынша, жөндеу жұмыстары басталғанда, баға 3 мың доллардан асуы мүмкін. Техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін, "Газпром" Германияға тәулігіне 33 млн текше метр газ жіберуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу