Беларусь Ресейге газ тасымалын ұлғайтуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь Ресейге газ тасымалын ұлғайтуы мүмкін

22.08.2015
Беларусь Ресейге газ тасымалын ұлғайтуы мүмкін

Беларусь Президенті Александр Лукашенко өз елінің «Газпромға» транзиттелетін газ көлемін ұлғайтуға мүмкіндік жасауға дайын екендігін мәлімдеді.  

«Біз қажет болатын болса, егер Еуропа тұтынатын болса, өзіміздің еліміз арқылы табиғи газ тасымалы бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз»,-деді Лукашенко  «Газпром» басшысы Алексей Миллермен кездесуі барысында.

Бұған қоса, Лукашенко ресейлік мемлекеттік компания өкілдерінің Беларусь елінің Ресей Федерациясының аймағы үшін бөтен жер емес екендігіне сенімді болуы керектігін ескертті. 

Мемлекет басшысы «Газпроммен» қарым-қатынаста ешқандай қиындықтардың жоқ екендігін ескертіп: «Бізде тек болашақ ынтымақтастығымызды кеңейтумен байланысты келіссөздерді қажет ететін мәселелер ғана бар», деді Беларусь елінің басшысы. Бұл туралы politrussia.com хабарлады.

Хабарламаларға жазылу