Қазақстан Еуропаға шикі мұнай тасымалын күшейте ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Еуропаға шикі мұнай тасымалын күшейте ала ма?

30.04.2022

Еуропалық одақ Ресей газына тәуелділіктен арылудың жолдарын іздестіріп жатыр.

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі Еуропарламентте өткен басқосуда қызу талқыға түсті. Еуропарламент депутаттары мен сарапшылардың пайымынша, қарт құрлық елдері көгілдір отынды енді АҚШ пен Катардан, «Солтүстік газ дәлізінен» алу жолдарын талқылауда.

BRUA құбырымен жазда Әзірбайжан газын Түркия мен Грекия арқылы Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, қарт құрлық елдері Орталық Азия, әсіресе Қазақстанмен де энергетикалық қауіпсіздікке байланысты ынтымақты арттыруға мүдделі,-дейді сарапшылар.

Траян Бэсеску, Еуропарламент депутаты, Румынияның экс-президенті:

Еуропаны энергиямен қамтамасыз етуде Қазақстан жетекші рөлге ие. «Қазмұнайгаз» компаниясы Румынияда 5 млн тонна шикі мұнай өндіріп отыр. Оның өнімі бүкіл Еуропаға тасымалданады. Сол үшін Қазақстан Ресейдің инфрақұрылымын пайдаланбай, «Джейхан» терминалы арқылы Еуропаға шикі мұнай тасымалын күшейтсе жақсы болар еді.

Н.Қасым


Хабарламаларға жазылу