«YouTube»-те жаңа басшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«YouTube»-те жаңа басшы

08.02.2014
«YouTube»-те жаңа басшы
«YouTube» басшысы Саоара Камангардың орнына  Google-нің жарнама бойынша аға вице-президенті болған және корпорацияның алғашқы қызметкерлерінің бірі  Сьюзан Войжитски келді. Бұл туралы kp.ru. хабарлады.
 
Камангар «YouTube» лауазымына 2010 жылы тағайындалған еді.  Google негізін қалаушы Сергей Бриннің бұрынғы әйелінің әпкесі  Сьюзан Войжитски Google құрылған алғашқы күннен бастап сол жерде қызмет атқарған. Оның үйінің гаражында  Google алғашқы өкілдігі орналасқан болатын.
 
«YouTube» бейнехостингі 2005 жылы іске қосылды, 2006 жылдан бастап сервис Google-ге тиесілі.  «YouTube»-ке 1 миллиардтан астам адам кіреді.  Google атқарушы директоры Ларри Пейдж  Салар Камангардың басшылығымен Google командасы жұмысымен «таңғалдыра білді».
 
«Сьюзан да халықты қызықтыратын тәсілдермен  Google-ді жетілдіруге әзір және кез келген қиындықты еңсеретініне сенемін», деп мәлімдеді Пейдж.

Хабарламаларға жазылу