АҚШ Украинаға көмек көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға көмек көрсетуге дайын

07.02.2014
АҚШ Украинаға көмек көрсетуге дайын
АҚШ Украинадағы саяси реформалар жүзеге асырылған жағдайда материалдық көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд мәлімдеді, деп хабарлайды Утро.ру.
 
Сонымен қатар, ресми өкіл Украинадағы АҚШ елшісімен сөйлескендігін және елдің жаңа үкіметіне кандидаттарды талқылағандығына қатысты пікір білдірмейтіндігін атап өткен.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше YouTube желісінде дауыстары Виктория Нуланд пен АҚШ-тың Украинадағы елшісі Джеффери Пайеттің дауыстарына ұқсас әйел мен ер адам сөйлесіп, ондағы саяси ахуалды талқыға салғандығы туралы аудиожазба жарияланған.
 
Әйел Украинаның жаңа үкіметінде «УДАР» партиясының серкесі Виталий Кличконы көргісі келмейтіндігін баса айтады. Сондай-ақ, ол Еуропа одағының Украинадағы іс-қимылына қатысты дөрекі сөздер айтып қалған.

Хабарламаларға жазылу