Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Қазақстанға көмек көрсетуге дайын

07.04.2024

Түркия Қазақстанға жан-жақты көмек көрсетуге әзір. Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Министрліктің ресми парақшасында жарияланған ақпаратта бауырлас елдің бірнеше аймағында болып жатқан су тасқынының кесірінен мыңдаған адамның көшірілуі және бұл апаттың үлкен шығындарға әкелгенін біз қайғыра қабылдадық. Қазақстан халқы мен үкіметіне бұл жағдайды тезірек еңсеруіне тілектеспіз. Түркия апат әкелген орасан зардапты жою үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын делінген.


Хабарламаларға жазылу