АҚШ қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны 858 миллиард долларға жеткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны 858 миллиард долларға жеткізбек

09.12.2022

АҚШ қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны келер жылы рекордтық 858 миллиард долларға жеткізбек. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы арнайы заң жобасын мақұлдап, әскери шығандарды Байден әкімшілігі сұраған қаржыдан 45 млрд долларға асырып бекітіп берді.

Қаржы әскерлердің жалақысын арттырумен қатар кемелер мен ұшақтар, жаңа қару-жарақ пен жүйелерді сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ Тайвань мен Украинаға қолдау көрсетуге де бағытталмақ. Мәселен 2023 жылы Украинаға кемінде 800 миллион доллар қосымша бөлінеді. Құжатты Сенат келесі аптада қабылдап, Ақ үйге қол қоюға жібереді.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу