Құқықтық байланыс артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқықтық байланыс артады

21.02.2015
Құқықтық байланыс артады

Еліміздің Бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-қа сапары кезінде америкалық әріптесі, сол елдің Бас прокурорының орынбасары Брюс Шварцпен кездесті.

Тараптар мекемеаралық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан мен АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізуге дайын екендіктерін білдіріп, мұны құжат бойынша бекітті.

Келісімге қол қою - қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардың тергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу