Өзі сөйлей алмаса да, суреттерін сөйлеткен дарын
Бейне қолжетімді емес
Астананың ажарын ашып тұрған Қазақ елі монументін білетін шығарсыз. Осы мұнараның басындағы тәжді жасау суретші Талғат Төкенұлына бұйырған екен. Үш айдың ішінде мыстан нобайын келтіріп, биіктігі – 9, ені – 3 метрді құрайтын тәжді жасап шығарыпты.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Талғат Төкенұлының қолынан шыққан суреттері мен ағаш бұйымдары елдің бірнеше мұражайында сақтаулы.
Алайда, талант иесі сөйлеу қабілетінен айырылған. Осыдан бір жарым жыл бұрын қан қысымы көтеріліп, инсульт алған ол осындай күйге түскен. Бірақ, бұл сынақ шебердің сағын сындыра қоймады.
«Сөйлемегелі бері сурет салуға деген ынтам одан сайын арта түсті. Негізі 4 сыныптан бастап сурет салып келемін. Ертіс жағасында өскендіктен бе, табиғаттың, судың суретін салғанды жақсы көремін»,-дейді суретші.
Суретші шығармашылығында қолданылатын негізгі сурет техникасы – акварель. Бұл өнер орындалуы жағынан өте күрделі. Салған суретті қайта түзей алмайсыз. Сол себепті, қателеспеу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner