Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бойынша құжаттар қашан қабылданатыны хабарланды
лордада 2014 жылдың ІІ тоқсанында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау жүргізіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Тұрғын үй басқармасы хабарлаған.
«Соңғы уақытта азаматтардан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға тұрғын үй беруге қатысты сауалдар жиі келіп түседі. Осыған орай, Астана қаласында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасылардан құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында жүргізілетінін хабарлаймыз»,- делінген хабарламада.
Тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қажетті құжаттар тізімі, оларды қабылдау орны мен мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша жарияланады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі аталған бағдарламаға өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20