Елбасы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы шығармашылық ұжымымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы шығармашылық ұжымымен кездесті

29.01.2014
Елбасы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы шығармашылық ұжымымен кездесті
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Көшбасшы жолы» киноэпопеясы шығармашылық ұжымымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Фильмді түсірушілер Мемлекет басшысына кинолента еліміздің 25 қаласындағы 55 кинотеатрда көрсетілгені туралы хабарлады.
 
Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің қазіргі қызметтері туралы әңгімелеп, жоспарлары жөнінде ой бөлісті.
 

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыс үшін алғыс айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.     

Хабарламаларға жазылу